БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА

«Өмірдің бір қызығы – бала деген». Бұл әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида кілті. Себебі адам өмірінің мәні мен сәні де – бала. Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі.

«Балалы үй – базар», «Бала – болашағымыз», «Өмірдің бір қызығы – бала деген». Ұлт зиялыларынан, халық даналығынан осындай мағынада жақсы сөздер қалған. Бұл өсиетті сөздер әрбір адамның жүрегінің түкпірінде, ой-санасында, көңіл қалтарысында жататын өмірлік қағида. Бала – өмірдің мәні мен сәні. Бала – отбасының көзқуанышы, ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі.
Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін әрбір ата-ана мен қоғам жауапты. 

Алдағы жылдары Қордай аудандық мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығын кеңейтілген 51 орынды жаңа нысанға ауыстыру жоспарымызда бар. Арнайы орны да белгіленді.

Бүгінде 30 баланы қабылдауға мүмкіндігі бар орталықта жылу жүйелері қалыпты жұмыс жасауда. Қызмет түрлері сапалы көрсетіліп келеді.

«Қуантсаң, баланы қуант» деген осы. Өзде­ріне жасалған жақсылыққа әдемі киім­де­рін киіп, дөңгелене билеп, шаттана ән шыр­қап алғыс айтқан балғындарға қарап оты­рып, осылай ойлайсың. Тағдыр түрлі болса да, баланың бәрі бақытты, өйткені оларды ая­лай­тын ел бар, жаны ізгі жақсылар бар.

Еркін Келесов,

«Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»басшысы