Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті
Бүгін, Жамбылда 25 қазан – Республика күніне орай өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Шараға департаменттің басшы және жеке құрам қызметкерлері, сала ардагерлері мен ата-аналар және №59 мекемесінің қызметкерлері қатысты. Жиында ҚАЖ саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Департамент бастығы Жәнібек Қосжанов қызметкерлер мен ата-аналарына тиесілі марапаттарын табыс етті. Салтанатты шара соңы өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.