ШУДА 12 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Қазіргі таңда халықтың әлеуметтік осал топтары мен тиісті санаттағы тұлғаларды баспанамен қамту — күн тәртібіндегі мәселе. Оны шешу бойынша өңірімізде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Мәселен, былтыр тұрғын үйді қажет ететін 60 азаматқа баспана сатып алынса, одан бөлек аудан орталығында 15 пәтерлік жатақхана пайдалануға берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын тауып, 100-ге жуық жерлестерімізді тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр. Соның ішінде бүгін 12 тұрғын үй Республика күні қарсаңында табысталып отыр. Сәтін салса, жыл соңына дейін қалған тұрғын үйлердің кілті өз иелеріне табысталатын болады.
Бүгін салтанатты шараға арнайы қатысып, су жаңа пәтерге жайғасып, қоныс тойын тойлағалы жатқан жерлестеріміздің қуанышын бөлісіп, қоныстарының құтты болуын тіледік.

Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі