ТҮРКІСТАНДА КЕЗЕКТІ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан қалалық Мансап орталығының ұйымдастыруымен ерекше қажеттілігі бар жандар үшін кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда 11 жұмыс беруші мекеме 38 бос жұмыс орнын ұсынды.
Орталық директоры Райхан Нұридинқызының мәлімдеуінше, шараға 30-дан аса жұмыс іздеуші келген. Оларға мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары түсіндіріліп, тұрақты жұмыстарға жолдамалар берілді. Жәрмеңке қорытындысымен бір тұрғын «CAPABLE GROUP» мекемесіне, тағы бірі Некрасов атындағы №9мектепке жұмысқа орналасты.
Жалпы, жыл басынан бері орталықта 8 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Онда 2958 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алған. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін жұмыспен қамту бағдарламалары жүргізіліп, нәтижесінде жыл басталғалы 20 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі