ШУДА 6 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ АУЫЗ СУ ЖОҚ
Шу ауданында 35 елді мекеннің 27-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған яғни 74,3% құрайды.
Бүгінгі күнге 6 елді мекен: Тасөткел су қоймасы, Еңбек, Жиенбет, Жайсан, Шоқпар, Сауытбек ауылдары ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.
Өткен жылы Көктөбе, Бөлтірік елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Ал, Тасөткел су қоймасы, Еңбек, Жиенбет, Жайсан ауылдарын ауыз сумен қамту үшін ЖСҚ әзірленіп қолдау табылды. Бүгінгі күнге Тасөткел су қоймасы мен Жайсан ауылдарында су шығару имараттарының құрылысы басталып, жыл соңына дейін пайдалануға берілу жоспарлануда.
2025 жылы елді мекендерді ауыз сумен қамту 100% жетеді деп күтілуде.