ШУДА 3653 ГА ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Шу ауданында жыл басынан бері игерілмей жатқан 3 653,0 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 1500 гектар егістік, 2153 гектар жайылымдық жер.
Сонымен қаттар, 10 жер учаскесі аукцион арқылы ойнатылып 3 жыл мерзімге уақытша пайдалану құқығына берілді.
Жалпы ауданы 82,46 га 10 ауылшаруашылық мақсатындағы егістік жер учаскесі жыл соңына дейін конкурсқа шығарылады.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков хабарлады.