Т.Рысқұлов ауданында «Ардагерлер үйі» паркіндегі экологиялық акция сәтті өтті

Бүгін Жамбыл облысының Т. Рысқұлов ауданында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында кең ауқымды «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Іс-шараға ауданның мемлекеттік қызметкерлері, жастар, волонтерлер мен белсенді тұрғындар қатысты. Бұл күн ауданның табиғатын жақсарту және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастамаға айналды.
Акция барысында «Ардагерлер үйі» паркі маңы толық тазартылып, жол бойы және парк аумақтарынан қоқыстар жиналып, арнайы полигондарға жөнелтілді.Тұрмыстық қалдықтармен қатар пластик және шыны қалдықтарын бөлек жинау ұйымдастырылды.
Бұл экологиялық акция халықтың белсенді қатысуымен өтті, барлығы 100-ге жуық адам жұмылдырылды. Шара барысында тек қана тазалау жұмыстары емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған ақпараттық түсіндірмелер де жүргізілді. Қатысушылар табиғатқа жауапкершілікпен қарау маңыздылығын атап өтіп, келешекте мұндай акцияларды жиі өткізуді қолдады.
Тұрғындар пікірі:
Жастар ресурстық орталығы директоры Е.Жәдік: «Мұндай іс-шаралар туған жеріміздің тазалығына ғана емес, өзіміздің экологияға деген көзқарасымызға да әсер етеді. Ортақ іске үлес қосу – әрқайсымыздың парызымыз», – деп ой бөлісті.
Т. Рысқұлов ауданындағы «Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаны қорғау саласындағы маңызды шаралардың бірі болып табылады. Жергілікті тұрғындардың белсенділігі акцияның сәтті өтуіне ықпал етті және бұл бастама алдағы уақытта да жалғасатынына сенім мол.