КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ
Еліміздің бас партиясы болған «AMANAT» партиясы мақсат міндеттерді мүлтіксіз атқарып келеді. Осы орайда аптаның бейсенбісінде аудандық «Коворкинг» орталығында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ХLІІ кезектен тыс конференциясы өтті.
Жиынға Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, облыстық саяси кеңес мүшесі Айтбала Жолмаханова, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, «AMANAT» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері; бастауыш партия ұйымдарының мүшелері; партия аудандық филиалы «Жастар рухы» Жастар Қанатының мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
🔰Күн тәртібінде:
📌«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік Жол картасының орындалу барысы және партия аумақтық филиалының 2024 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы аралық есебі;
📌Партия аумақтық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерісиер енгізу туралы;
📌«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ХХХV (35-ші) кезектен тыс конференциясына делегаттарды сайлау туралы мәселелер қаралды.
🔰Хабарламашылардың баяндамалары талқыланып, тиісті тапсырмалар жүктеліп, арнайы қаулылар қабылданды. Конференция соңында партияның жобалары мен атқарып жатқан жұмыстарына сүбелі үлес қосып жүргені үшін бірқатар азаматтарға «AMANAT» партиясының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары тапсырылды.
Мұратбек Есмұрзаев, «Amanat» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы