Астана әкімінің құлағына «жай» сырға!

Астанадағы ауа райы белгілі ғой. Асыға басып теміржол вокзалына кіресің. Бірі келіп, бірі шығып жатқан жер болғанымен, вокзал ішінің де өз тартымдылығы болғаны жөн. Шетелмен салыстырмай-ақ қояйық, алайда, Астана теміржол вокзалына кіріп отырғанда намысым келді:

  1. Екінші қабаттағы орындықтар қисайып сынып тұр. Отыру үшін аяғыңды тіреу керек. Әйтпесе, сырғып түсесің.
  2. Орындық темірден жасалған да, үсті ағаш не басқа материалмен қапталмағандықтан, денені қарып түседі. (көзім көріп тұрған бірнеше қыз баланы орнынан тұрғызуға тура келді).
  3. Телефонды токпен толтыру үшін арнайы ақысыз ток көздері қарастырылмаған. 10 минутқа — 50 теңге төлеу үшін бір қондырғы қойылған. Оның жанында кезек. Поезд күтесіз бе, кезекте тұрасыз ба?
  4. Әжетхана ақылы – 50 теңге тұрады. Меніңше, вокзалда осыдан ақша таппаса да болады. Оның ішкі «тазалығы» тіпті сын көтермейді. Әдетте, 50 елдің қатарында тұрған мемлекеттердің вокзалдағы әжетханалары жарқырап тұрады.
  5. Тамақ сататын шағын киоскілердің санитарлық жайын санэпидемиологиялық ұйымдар айтса болар. Әйтеуір, Астана сынды қалаға жараспай-ақ тұр.
  6. Жолаушылар отырып ас ішетін жерлердің де мазалысы аз!
  7. Осыдан да, xалық көп болса да, Астана вокзалы азынап тұр. Суық. Көңілсіз. Ажарсыз. Жолаушылар да асығып тез аттанып жатыр…

Анар БЕКТІҢ Facebook-тегі парақшасынан