АШУ- ДҰШПАН АҚЫЛ- ДОС

Бірде әкем Матаймен алысқа ұзап кеткен көкала атты алып келуге бардық.
Қайтарда мені аттың үстіне отырғызып, әкем жетектеп келе жатып осы әңгімені айтты.
— Бір қария баласымен жолға шығыпты.
Әкесі есектің үстіне отырып, баласы жетектепті.
— Әй, ұятың барма?
Балаңды отырғызып, өзің неге жетектемейсің? Сорлы балаң әрең жүріп келеді- депті.
Әкесі расында ұлым шаршаған шығар деп баласын есекке отырғызып,өзі жетектепті.
Сәл жүргеннен кейін бір әйел шығып:
— Балам сенде ұят жоқ екен. Өзің хандай шалқайып, есекке мініп, әкеңе жетектетіп қойғаның сұмдық екен.
Ертең әкең сенен жақсылық көрмес»- деп бетің шымшыпты.
Екеуі есекті жетектеп келе жатса біреу күліп:
— Ешқандай пайдасы жоқ есекті не үшін жетектеп жүрсіңдер- депті.
Елдің сөзінен мезі болған екеуі есекке мінгесіпті.
Оны көрген бір қария:
— Ойпырмай, Жараңдар, мыналарға қараңдар.
Дінсіздер-ай, жануарды қинап, бұларың не?- деп айқай салыпты.
-Сол секілді бізді көргендер не дер екен?- деп әкем күлді.
Біреулер «Матекең Болпышың атқа мінгізіп әкеле жатыр, осыны неге еркелетеді екен.
Көктас қоймайды бәрібір»- дейтін шығар.
Ниеті жақсылар:
— Аяғына тікен кіреді деп, «Болпышты»( бетімнен сүйгенде болпышым дейтін), атқа мінгізген ғой дейтін шығар…
Әкем:»Не түсіндің?» дегенде, мен: «әке бізде неге есек жоқ?- деп едім, ол ренжігендей болып» -Ат тақияна тар келді ме? Жаман сөз айтпа, аттаң қазағымды құдай түсірмесің. Есекке мінгізбесін.
Ал, жаңағы әңгімені айтқаным, есіңе сақта. Бұл өмірде не істесе де, біреуге біреу жақпайды. Сенің жасаған істеріңді әр адам өзінің ойының тереңдігімен қарайды.
Адам өз кемшілігің көрмейді, ақыл айтуға шебер. Ешқашан біреу туралы асығыс шешім шығарма, сабырлылық сақта.
Саған жамандық жасаған адамның егізіне айналма, ол ренжітсе, сөз қайтарма, өзі ұялатындай жақсылық жаса, жаманмен дауласпа-деп айтып еді…
Әкемнің әнгімелері өмір жолыма шырағың жақты, жол көрсетті…
РАЙХАН МАТАЙ