Жамбыл облысында флюорожоспарды жасақтау және бақылау жұмыстары
Қалалық және аудандық медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдарында Жамбыл облыстық фтизиопульмонология ахуалдық орталығының жетекшісі Н.Қ. Арысбаев «2025 жылға флюорожоспарды чек парақшалары арқылы жасақтау жұмысына дайындық, қауіпі жоғары топ және міндеттелген топты толықтай жасақтау, ахуалдық орталық есептері» тақырыбы бойынша жоспарлы түрде кестеге сәйкес әдістемелік көмек және мониторинг жүргізді.
Қалалық емханалардан 270, аудандық емханалардан 368 маман қамтылды.
2023 жылдан бастап ахуалдық орталық үздіксіз жүргізіп келе жатқан әдістемелік көмек және оқыту семинарларының нәтижесінде, 2024 жылға жасақталған флюорожоспар мен оның орындалу көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды. Атап айтқанда, динамика бойынша:
• 2023 жылға жалпы флюорожоспар — 605 384, оның ішінде қауіпі жоғары топ және міндеттелген топ — 229 437 (37,8%);
• 2024 жылға жалпы флюорожоспар — 671 713, оның ішінде қауіпі жоғары топ және міндеттелген топ — 277 626 (41%).
Осылайша, 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы жалпы жылдық жоспар 66 329 тұлғаға артты, оның ішінде қауіпі жоғары топ және міндеттелген топ 48 189 тұлғаға көбейді.
Қазіргі таңда, ахуалдық орталықтың бақылауымен қалалық және аудандық медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдарында 2025 жылға флюорожоспарды жасақтау жұмыстары жалғасуда.
Жоспар бойынша жалпы флюорожоспарды 700 000-нан асыру, оның ішінде қауіпі жоғары топ және міндеттелген топты 350 000-нан асыру көзделіп отыр.
Жамбыл Облыстық Фтизиопульмонология Орталығы