Аудан басшысы құландықтармен кездесті
Президент Жарлығына сәйкес аудан әкімі Ернар Есіркепов халықпен кездесуді Құлан ауылдық округінің тұрғындарымен өткізіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Аудан орталығында әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвесторлар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.
Биылғы жылы округке 1 млрдтан астам қаражат бөлініп, жалпы жоба құны 969 млн.теңге құрайтын Шөңгер және Құлан ауылындағы Арай тұрғын алқабындағы ауыз су имараттарының құрылысы мен И.Панфилов көпқабатты тұрғын-үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары, стрит-воркаут, балалар ойын алаңдарын салу, абаттандыру, көлік жолдарын жөндеу сынды жобалар іске асуда.
Кездесу барысында құландықтар Ернар Есіркеповке өздерін толғандырған жер учаскелерін беру, мектеп салу және қайтарымсыз грант қаражаттарының мақсатты жұмсалуы сынды өтініш-тілектер көтеріп, оларға қолданыстағы Заңнама аясындағы түсіндірмелер алды.