ЖАҢАТАСТА «ШАҢЫРАҚ» ЖАСТАР СКВЕРІ АШЫЛДЫ

Биыл Жаңатас қаласына 55 жыл толды.
Сарысулықтар Жаңатас қаласының 55 жылдық мерейтойын Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында өтіп жатқан Сарысу ауданының мәдениет күндерімен қатар атап өтіп жатыр.
Мерейтой аясында көптеген игілікті шаралар жүзеге асуда.
Бүгін Жаңатас қаласының 55 жылдық мерейтойында Жаңатаста «Шаңырақ» жастар сквері, жастардың неке қию алаңы пайдалануға берілді.
Игілікті шараға қатысқан Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы, облыстық «Әкелер» кеңесінің төрағасы Қонысбай Ильясов құттықтау сөз сөйлеп, шаңырақ бейнелі неке қию алаңының әрбір отбасылар үшін тәрбиелік мәні зор екендігіне тоқталды.
«Шаңырақ» жастар скверінің лентасы салтанатты жағдайда кесілді.
Жаңадан ашылған неке қию алаңында жиналғандардың қатысумен жаңадан отау құрып, шаңырақ көтерген жас жұбайлар Омар Елік Қанатұлы мен Асханова Жаннұр Рақымбайқызының некесі салтанаты жағдайда қиылды.