Жамбыл облысында қанша жұп некесін қиды?!
2024 жылдың 10 айында Жамбыл облысында АХАТ бөлімдері арқылы 5 мыңнан астам неке тіркелген. «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының мәліметінше, жас жұбайлардың басым бөлігін 25 пен 35 жас аралығындағы жастар құрайды.
Жыл басынан бері Жамбыл облысында тіркелген некелер санының тұрақты өсуі байқалады. 2023 жылмен салыстырғанда, 2024 жылдың 10 айында тіркелген некелер саны шамамен 4%-ға артқан. Айта кету керек, неке қиюға тек жастар ғана емес, егде жастағы азаматтар да жүгінеді. Мысалы, 2024 жылы Жамбыл облысында некеге тұрған ең егде жастағы жұптың жасы 70-те болған.
Жамбыл облысы АХАТ басқармасының басшысы Нұркен Құмғамбаевтың айтуынша, неке қию рәсімдері үшін ең көп таңдалған айлар — шілде, тамыз және қыркүйек болған.
Айта кетейік, некені тіркеуге өтініш беру АХАТ бөлімі немесе электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтінішті қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Сондай-ақ, биылғы жылдың шілде айынан бастап жас жұбайларға облыс бойынша некені салтанатты түрде тіркеу қызметі және неке қию рәсімін арнайы шақыртумен өткізу мүмкіндігі де қолжетімді болды.
Айта кету керек, 4 ай ішінде 70-тен астам салтанатты неке қию рәсімдері өткізілді.
Т.Рысқұлов аудандық АХАТ бөлімінің басшысы Р.Ж.Рахишева