Одандық кәсіпорынның теміржол бекіткіштері өндірісі дамып келеді
Алматы облысындағы «СП «FastenersMetal» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теміржол бекіткіштерін өндіретін заманауи зауыты роботтандырылған желілермен жарақтандырылған.
Бұл «СП «FastenersMetal» бірлескен кәсіпорны өізіміздің отандық «Фирма «Бент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен қытайлық GKRailways компаниясының өзара серіктестігі нәтижесінде құрылып, іске кіріскен. Естеріңізде болса осы жылдың маусым айында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған.
Мұндағы инновациялық шешімдер іс жүзінде жоғары технологияларға басымдық беріп отыр.
– Біз кәсіпорында озық технологиялар мен өндірісті роботтандыруға барынша басымдық беріп отырмыз. Зауытымыздың бір жылда 800 мыңнан астам темір-бетонды шпал мен 1,2 миллионнан астам теміржол бекіткіштерін шығаруға мүмкіндігі бар, – дейді компания президенті Дінмұхамед Құзиев Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Д.Құзиев қытайлық серіктестің кездейсоқ таңдалмағанын айтып қалды. GKRailways – бүгінде әлем бойынша жоғары жылдамдықты теміржолдарға арналған қосалқы бөлшектерді шығаруда көшбасшы орынға көтерілген компаниялардың бірі.
Мұнда қауіпсіздік пен дәлдікке негізделген роботтар сапа кепілі болып отыр.
– Біздің өндірістің басты ерекшелігі – жоғары деңгейдегі автоматизация», – деп түсіндіреді Дінмұхамед Құзиев. – Барлық күрделі және қауіпті операцияларды роботтар орындайды. Бұл қызметкерлер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, жоғары дәлдікті де кепілдейді, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Зауыттағы жұмыс істеп тұрған жеке зертхана соңғы үлгідегі қондырғымен жабдықталған екен.
– Біз өнімнің барлық сапа стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін 400-ден астам сынақ түрін жүргіземіз, – дейді сертификаттау орталығының бас директоры Хаджиакбар Шірханов.
Қазіргі таңда компаниялар тобының кәсіпорындарында 600-ден астам адам еңбек етеді. Олардың бірі – слесарь Әділхан Садықаев еңбек жағдайы мен кәсіби өсу мүмкіндіктеріне жоғары баға береді.
– Мен осындай заманауи кәсіпорында жұмыс істеп жатқаныма мақтанамын, – деп мойындайды ол. – Біз тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұранысқа ие өнім шығарамыз.
«СП «FastenersMetal» зауыты – қазақстандық-қытай серіктестігінің табысты мысалдарының бірі. Кәсіпорын өңір тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, инновациялар мен жоғары технологияларға басымдық бере отырып, Қазақстан экономикасының дамуына да өлшеусіз үлес қосуда.
Жасұлан Бақытбекұлы