ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
Алдын-ала жазылу арқылы 10 тұрғынның мәселесін тыңдап, шешімін қарастырдық. Негізгі сұрақтар тұрғын үй, жұмысқа орналасу, қаланы көгалдандыру, коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және жер мәселелері төңірегінде болды.
Мәселен, бір ағамыз №2А қоғамдық көлігін Керейхан көшесіне жүргізуді және жол сапасы мен жанындағы көшенің атауын қоюды сұрайды. Бұл бойынша, биыл әкімдік тарапынан Бірлік тұрғын алқабына қарасты Шәміл Дүрия көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта, сарқынды су жүйесінің абоненттік қазба жұмыстары толығымен аяқталғаннан кейін, аталған аумақтағы көшелерге кезең-кезеңімен асфальт төсеу жұмыстары іске асырылады. Сондай-ақ, көше атаулары жазылған тақтайшалар келесі жылы, мердігері анықталған соң, жүргізілетін болады.
Барлық өтініштер уақыт күттірмей қаралып, зерделеуді қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынып, біршамасы шешімін тапты.
Әкімдіктің негізгі міндеті — халықпен сындарлы диалог орнатып, қолайлы жағдай жасау. Осылай тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдау арқылы өзекті мәселелерді анықтап, әлеуетін жақсартуға атсалысып, жұмысымызды жақсартудың жүйелі тәсілдерін әзірлейміз.