ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТТЕРДІ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Елімізде өңірлік университеттер қалай дамытылмақ. Сондай-ақ облыстардағы ғылым саласындағы университетаралық ынтымақтастық қалай жолға қойылмақ? Оларға мемлекет тарапынан қандай көмек болмақ. Өңірлік университеттер мен облыстардағы ғылыми орталардың келешегі де көпшілікті алаңдататыны тағы рас.
Оқу орндарының білім беру жүйесін цифрлық форматқа көшіруі кітапханаларда электронды оқуылақтардың санын артуына ықпал еткені айтуға тиіспіз. Қазіргі таңда өңірлік университеттердегі кітапханаларда электронды кітапханалар мен цифрлық ресурстарға қолжетімділігі күн өткен сайын артып келеді. Көптеген оқу орындары ғылыми журналдарға, халықаралық дерекқорларға, электрондық кітаптарға қол жеткізетін платформаға қосылып, әлемдік ғылыми ортаның маңызды жаңалықтарына дәл уақытында қол жеткізіп отыр. Бұл өз кезігінде еліміздегі ғылымның заман көшінен қалмай алға қадам басуына ықпал ететін маңызды фактор десек болады. Мұндай мүмкіндік ғалымдар мен студенттердің құнды ғылыми дереккөздеріне еркін қол жеткізіп, ғылыми жұмыс пен зерттеулердің сапасын арттыратыны сөзсіз.
Осы секілді көптеген сауалдарға жуырда министрлік жауап берді. Олар ғылым саласында өзара ынтымақтастықты да нығайтпақ. Бүгінгі таңда еліміздің ғылым саласына көп көңіл бөлініп жатыр. Оның ішінде өңірлік университеттердің білімі мен ғылымы да назардан тыс қалған жоқ. Осы орайда Halyq Uni тілшісінің Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатовтан өңірлік университеттер қалай дамыталатынын сұраған еді.
— Ғалымжан Жандосұлы, жоғары білімді өңірлік университеттерді дамыту және облыстағы ғылым саласындағы университетаралық ынтымақтастықты нығайту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
— Мемлекет басшысының университет ғылымын дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда жоғары оқу орындарының ғылыми зертханалар мен тәжірибелік-сынақ инфрақұрылымын дамытуға мақсатты гранттар бөле отырып, университеттер жанындағы ғылыми-технологиялық парктерді қолдау бағдарламасы әзірленіп, іске асырылады. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде инжинирингтік орталықтардың, бизнес-инкубаторлардың, инновациялық орталықтардың жұмыс істеуі үшін университеттер жанындағы ғылыми-технологиялық парктер мен инжинирингтік орталықтарға қолдау көрсетіледі. Осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Бұған қоса, 2021 жылдан бастап өңірлерде барлығы 12 шетел университетінің филиалдары ашылды. Сонымен қатар, «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң шеңберінде, «Ғылым туралы», «Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына, жергілікті атқарушы органдарға ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу бойынша бірқатар өкілеттік беру бөлігінде өзгерістер енгізіліп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар үшін қаржыландыру қолда бар жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінеді. Әрбір өңір қажеттілігіне қарай жергілікті бюджеттен (мемлекеттік) қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға конкурстар өткізе алады» деді министрлік өкілі.
Президент тапсырмасына орай елімізде 15 өңірлік университет дамытылды.
Бүгінде Қазақстандағы өңірлік университеттерді дамыту бағдарламалары аясында студенттік жатақханаларды салу және оқу ғимараттарын жаңарту жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Бұл әсіресе студенттер саны көп аймақтарда орын алып, оқу орындарының материалдық жағдайын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Жаңа жатақханалар мен студенттерге арналған тұрғын үй кешендері студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға және олардың білім алу процесін қолайлы етуге бағытталған.
Нағашыбай Қабылбек