Бауырды тазалайтын 6 әдіс

Бүгінгі таңда бауыр ауруларына шалдыққан адамдардың саны күн санап көбейіп келеді. Сондықтан біз бұл жазбамызда аталған аурудың алдын алу жолдарын ұсынғымыз келіп отыр. Ендеше төмендегі 6 әдіске мұқият назар аударыңыздар.

1. Бір стақан таза суға лимонның тең жартысын қосып ішіңіз. Лимон шырыны бауырыңыздағы барлық зиянды зәр, уытты шығаруға көмектеседі.

2. Сарымсақ пен жуаны жиі жеуге тырысыңыз. Ол сіздің достарыңызға ұнамауы мүмкін, алайда оның бауырыңызға әсері мол. Өйткені сарымсақ пен жуаның құрамында ағзадағы артық заттарды сыртқа шығаратын пайдалы элементтер бар. Сонымен қатар бактериялардан да оңай құтыласыз.

3. Шұбар алатікеннен шай жасап ішіңіз немесе бұл өсімдікті суға қосып тұтыныңыз. Себебі, алатікенде бауыр клеткаларын улы заттардан қорғайтын силимарин көптеп кездеседі.

4. Брокколи, болгар бұрышы, құлпынай, лимон, түрлі-түсті орамжапырақ, жасыл бұршақ, апельсин, қызанақ, бүлдірген, жалбыз, аскөк, қырыққабат, саумалдық, балдыркөк, грейпфрут секілді С дәруменіне бай жеміс-жидек пен көкөністі көбірек жеңіз.

5. Бақбақ жапырағын шайға немесе салат пен сорпаға қосып ішуді ұмытпаңыз. Әрине, саябақта өсіп тұрған бақбақты жұлуға болмайды, бірақ өзіңіздің бағыңызда болса, оны міндетті түрде жинап алғаныңыз дұрыс.

6. Үнді тағамдарын дайындап үйреніңіз. Олар өте дәмді және тағамдарының басым көпшілігінде куркума болады. Оның сіздің ағзаңызға пайдасы көп. Сонымен бірге бауырыңызды да түрлі аурудан қорғайды.

muslim.kz