Еркеғали Рахмадиев атындағы I Халықаралық байқау өтті

 2016 жылдың  29 наурызда Қазақ ұлттық өнер университетінде Еркеғали Рахмадиев атындағы I Халықаралық байқаудың салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Байқау вокалдық өнер және хорды дирижерлеу деген екі аталым бойынша жүргізілді.

Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев – ҚСРО және қазақстандық композитор, педагог, қоғамдық және саяси қайраткер, ҚСРО мен еліміздің халық әртісі, ҚазССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияны сегіз жыл бойы басқарған, 27 жыл бойы Қазақстан композиторлар Одағының ауыспас төрағасы болған, сондай-ақ ҚСРО композиторлар Одағының хатшысы мен республиканың Мәдениет министрі лауазымында еңбек етті. Қамар-сұлу» (1963 ж.), «Алпамыс» (1972 ж.), «Абылай хан» (1999 ж.) операларының, көптеген оркестрлік, вокалдық-хор, театр-сахналық камера-аспаптық шығармалар мен романстардың авторы. Музыкалық өнердің дамуына қосқан зор үлесі үшін 2005 жылы Е.Р.Рахмадиев Жыл тұлғасы атанды.

AW0Y5683

Еркеғали Рахмадиев атындағы Бірінші Халықаралық байқаудың университеттің іргесінде өткізілуі кездейсоқ емес. Абзал ұстаз әрдайым дарынды жастарды қолдап, отандық композиторлар мен музыка қайраткерлерінің талай саңлақтарын тәрбиелеген. Соңғы жылдары университеттің дамуы үшін аянбай еңбек етті.Ал оның қазақ музыкасының бай мұрасын классикалық музыкамен шебер байланыстырған композиторлық еңбегі өзінше бір бөлек. Еркеғали ағамыз – әнімен де, азаматтығымен де, өмірімен де, кісілік үлкен жолымен танымал ірі адам, біртуар тұлға. Шығармалары – халық жүрегінде өшпес із қалдырған асыл мұра. Олар опера театрларының сахналарында, концерт пен радиода, теледидарда жиі орындалады

                                                                                                                                    «ЕлАна» ақпарат