ЖОЛЫМ БОЛСЫН ДЕСЕҢ, ЕШКІМДІ РЕНЖІТПЕ!

Баяғыда бір жігіт тағдырына ренжіпті. «Жолым ауыр, оқуға түсе алмадым, әйелім жайсыз боп шықты, кредит алып едім, доллар қымбаттап кетті, нанға май жағып едім қолымнан түсіп кетті, не істесем де жолым болмай-ақ қойды деп, ал біреулер не істесе де жолдары болып жатады ғой, солар сияқты жолымды қалай ашсам болады» деп қиналып жүр екен.. «Адамдарға көп өкпелейсің-ау» деп едім, «қайдан біліп қойдыңыз?!» деп таң қалды.. Шынында, оқытпады деп ата-анасына, көмектеспейді деп бауырына, жағдайым жоқ болған соң араласпай қойды деп достарына, ренжіп жүр екен… Көкем-ау, ренжігеннен кімнің несі кетті?! Алла тағала адамды жаратқанда осының жолын ауыр қылайын, ананың жолын жеңіл қылайын деп бөліп жармайды ғой.. Бәрін өз ниетімізден, мінезімізден, аузымыздағы сөзімізден табамыз. Не болса соған ренжу бұрын менде де болатын.. «Кеше киноға барыпсыңдар, маған неге айтпадыңдар» деп достарыма ренжитінмін.. Тойына шақырмады деп таныстарыма ренжитінмін. Халімді біліп тұрмайды деп бауырларыма ренжитінмін… Ойланып отырсам түрлі қиындықтардың бәрін осындай реніштер арқылы өзім шақырып жүріппін…Реніш деген адамның жолын байлайтын қап-қара энергетика екен. Ешқайда шақырмай-ақ қойсын, сізді жамандай берсін, жағдайыңызды білмей-ақ қойсын, қарыз сұрағанда бермей-ақ қойсын… Ренжімеңіз…! Әркімнің өз еркі бар. Кімді шақырғысы келеді, қайда барғысы келеді, кіммен араласқысы келеді әркім өзі біледі.. Ешкімді қинап керек емес.. Өкпелегіш адамнан достар да қашады, жақындар алыстай бастайды, сәтсіздіктер көбейе береді, не істесеңіз де жолыңыз жабыла береді.. Тіпті сіздікі дұрыс болса да… Ойнап күліп, жарқырап жүре беріңіз ..! Сонда бәрі сізбен араласқысы келеді, қиналсаңыз көмектескісі келеді.. Ешқашан жалғыздықты сезінбейтін боласыз.. Бұл өмірде ешкім саған қас емес, ешкім саған Дос емес, бәрі әшейін оқытушы, үйретуші, сондықтан Бәрі өзімізге байланысты..! Өмірдің заңы ешкімді ренжітпе, ешкімге де ренжіме, сонда сенің жолың болады деген Атам қазақ!
Достарыңа тарат, біліп жүрсін😊
(Жақсы айтыпты)
Әлеуметтік желіден.