БАЙДЫҢ ТОҚТАУЫ…
Ертеде малының есебі жоқ бір байдың үш қызы болыпты ұлдан перзент бұйырмаған екен. Соған іші күйінген бай қыздарына тигізіп айтады екен:
Қыз бала емес, ешкі мал емес,есек ат емес ,шай ас емес депті.
Байдың малы бір жұттық дегендей жойқын жұт болып бар малынан айырылып қайғырып отырады ,сонда күйеуге шыққан үш қызы əкесін сабасына түсіріп тəубесіне келтіруді ойлап қонаққа шақырады. Есекке отырғызып өз үйлеріне тұстендіріп алдымен шай құйып ешкі сойып қонақасын беріп сыйлайды , сонда жағдайдың мəнін түсінген бай өз айтқанынан қайтып былай деп айтқан көрінеді: қызда бала екен бары болса, есекте ат екен жалы болса.
Ешкіде мал екен майы болса, шай да ас екен жайы болса деп құныққан бай тəубесіне келген екен….
Зауреш Сыпатаева парақшасынан алынды. фото да…