Жерді бүлдіргендер анықталды

Елімізде жер қатынастарын реттеу мәселесі жүйелі түрде жүргізіліп келе жатыр. Мұнда жерді иемденіп алып пайдаланбай отырған «Жер иелерінің» істерімен қоса жерді лайықты мақсатқа пайдаланбаған азаматтардың әрекеттері де «май шаммен қаралып» жатыр. Соның нәтижесінде 2024 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында мемлекет бойынша 1,5 млн. Гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып алынды.
Елімізде тиянақты түрде жүргізіліп жатқан бұл науқан тек жерді иеленіп алушыларға ғана қаратылмайтындығын айта кеткен жөн. Егер жеке тұлға мемлекеттен алған жерді жоспардағыдай пайдаланай, оның сапасына зиян келтіретін болса, азаматтардың бұл әрекеті құқықтық тұрғыдан қарастырылатын болады. Жақында Ауыл шаруашылығы министрлігі, Жер ресурстарын басқару комитетінің сайтында Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесінің пайдалануына қатысты тексеру жүргізіп, жерді айтарлықтай бүлдірген заңсыздықты анықтағндығы хабарланды.
Нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған. Есесіне жердің құнарлы қабаты түгелдей қопарылып тастағаны белгілі болған. Әрі департамент тарапынан берілген заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама Серіктестікпен мерзімінде орындалмаған. Осы іске байланысты Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Серіктестікке тиесілі көлемі 29,0 гектар жер учаскесі мемлекет мемлекет меншігіне қайтаруға шешім шығарған.
Дайындаған: Ерқазы Сейтқали