ТӨЛЕБИДЕ ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ МЫҢНАН АСА АДАМ ҚАТЫСТЫ

Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық шарасы жалғасын табуда. Аптаның жұма және сенбі күндері тұрғындардың қатысуымен тұрақты түрде сенбілік ұйымдастырылып, тазалық, абаттандыру жұмыстары жүйелі атқарылуда.
Бүгін, аудан аумағында кезекті сенбілік өткізіліп, көше бойлары, арық-атыздар күл қоқыстан, жерге түскен күзгі жапырақтардан тазартылды. Сондай-ақ қураған ағаштар бұталып, жол бойы ретке келтірілді.
Сенбілікке 1200 адам, 18 техника жұмылдырылып, қоқыстар арнайы орынға шығарды. Мекеме қызметкерлері тұрғындармен бірлесе отырып белгіленген аймақтардың тазалығын реттеп, белсенділіктерін танытты.
Елді мекендерде тазалықты сақтау, экологиялық сауаттылықты көтеру, түсіндіру жұмыстары жалғаса береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі