Зағип жандарға арналған SMART-тақия (Фото)

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Сәттіғали Жолдасов көзі көрмейтін және көзі нашар көретін жандар үшін SMART-тақия жасады,-деп хабарлайды Baq.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

%d1%82%d0%b0%d2%9b%d0%b8%d1%8f2

Оқушы бұл іске бір айға жуық уақытын жұмсаған

fb3934632df74f3818c2cf285936ccaa

%d1%82%d0%b0%d2%9b%d0%b8%d1%8f

«Тақияда қарапайым ұялы телефоннан алынған қозғалыс датчигі бар. Ол дірілдеткіш моторға (вибромотор) сигнал береді. Адам жүрген кезде тақиядағы сенсорлар алдағы кедергілерді қарап отырады. Қандай да бір кедергіні байқағанда SMART-тақия дірілдей бастайды. Содан кейін тақиялы адам тиісті жағына бұрылып, қозғалыс бағытын өзгерте алады. Жоба Арудино микроплатасында жасалды. Менің осы жобам көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға көмектесе алады деген үміттенемін» , — дейді жас өнертапқыш.