Реваншқа мүмкіндік. Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

Басты жекпе-жекте қос британдық боксшы Брэд Полс (19-2-1, 11 КО) мен Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) кездесті.

Жеңімпаз WBO/IBF чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының міндетті қарсыласы атанды.

12 раунд қорытындысы бойынша Бентли жеңіске жетті.

Енді, Дензел Жәнібекпен ревенш өткізеді. 2022 жылдың қарашасында қос боксшы жекпе-жек өткізіп, ұпай санымен қазақ боксшысы жеңіс тойлаған еді.

Prosports.kz.