Менингококты инфекция.
Менингококты инфекциясы — Neisseria meningitides бактериясымен шақырылатын аса қауіпті инфекциялық ауру. Менингококты инфекциясы назофаронгитттен басталып сепсиспен аяқталатын бірнеше сағаттың ішінде өлімге алып келетін инфекция ауру. Аурудың жұғу жолдары ауа-тамшылы (жөтелгенде, түшіргенде, сөйлескенде). Менингококтың алғашқы белгілері суық тигенге ұқсас болып келеді (жоғарғы температура, бас ауруы). Уақытылы медициналық тектесуден өтпегендіктен 50% өліммен аяқталады. Аурудың алғашқы белгілеріне: дененің жоғарғы температурасы 39,0С жоғары қатты бас ауруы, қайта –қайта құсу, денеге бөртпе шығуы, тыныстың нашарлауы, естің тануы. Инфекция көзі- ауру адам және бактерия тасмалдаушысы . Бір адамда 20 мың тасмалдаушы болады.
Менингококты инфекциясың қыс және ерте көктем айларында өрши туседі. Себебі, бұл кезде адамның иммунитет жүйесі сол уақытта белсенді болады. ЖРВИ, тұмау,т.б вирустары әсерінен әлсізденеді. Иммунитеті толық қалыптаспағандықтан көбіне 5 жастан кіші балалар және клубтарда, адам жиналатын жерлерде, шылым шегу, ортақ сусын ішуден жасөспірімдер мен жас адамдар ауырады.
Менингококты инфекцияның негізгі алдын алу шаралары:
1.Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде,асқынып кетуді болдырмас үшін,медициналық көмекке жүгіну қажет.Өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды.
- Адам көп жиналатын жерлерге бармау керек.
- Аурып қалмау үшін және айналадағы адамадарға ауру жұқтырмау үшін, мұрын-жұтқыншақтарының жедел және созылмалы ауруларды (фарингит, тонзилит, ларингит ) емдеу қажет.
- Таза ауада серуендеу керек. Қоғамдық көліктермен жүрмеуге тырысу керек.
- Витаминдермен микроэлементттермен байытылған толыққанды және үйлесімді тамақтану, спортпен шұғылдану, ағзаны шынықтыру иммунитттің жоғарлауына әсер етеді .
- Бөлмені жиі желдету, күніне 2 реттен кем емес.
- Жөтелген кезде, түшкірген кезде бір реттік орамал пайдалану керек.
- Қолды сабынмен 20 секунд мұқият жуу. Өкінішке орай, көп ата-аналар аурудың қанашықты қауіпті екендігін білмейтіндіктен квалификацияланған медициналық көмектен бас таратады.
Аурудың басталуы мен ауырлығын ескере отырып, алғашқы белгілері пайда болған кезде-ақ дәрігерлердің көмегіне жүгіну керек. Осыған сәбидің, жасөспірімнің өмірі тәуелді менингит аса қауіпті инфекциялардың алғашқы 10 -на кіреді, мұкият болыңыздар.
Наурызбай ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
В.И.Конеева
Наурызбай ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
эпидемиологиялық бақылау және қадағалау
бөлімінің басшысы Н.Д.Раева