Абай атамыздан қалған өсиет:
1. Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.
2. Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта.
3. Құдайдан- қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!
4. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.
5. Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.
6. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.
7. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың.
8. Жылуы жоқ бойының, жылмиғаны неткені?..
9. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.
10. Егер менің ішімді жарып көрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің.
11. Қайғысыздың бәрі — асау.
🌸🍃12. Өлейін деп өлмейді,өлерік — жан.
🌸🍃13. Ақиқатпен таласпа.
🌸🍃14 Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
🌸🍃15. Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.
🌸🍃16. Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел.
🌸🍃17. Сұлуды сүймектік – пайғамбар сүннеті.
🌸🍃18. Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.
🌸🍃19. Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.
🌸🍃20. Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.
🌸🍃21. Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар – құдай қарғағандар.
🌸🍃22. Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.
🌸🍃23. Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.
🌸🍃24. Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.
🌸🍃25. Жақсы ДОС білген сырын сыртқа жаймас.
🌸🍃26. Жаныңа жаққанның соңына еруге жалқауланба.
🌸🍃27. «Қусың» десе қуанатындар да кездеседі.
🌸🍃28. Серт бұзғанның орны — шоқ.
🌸🍃29. Сен асыққан екен деп, Алла әмірін өзгертпес.
🌸🍃30. Сенісерге жан таба алмай, сенделеді ит жүрек.
🌸🍃31. Арлану — ақылдының ісі.
🌸🍃32. Пенде өлмейді арманнан.
🌸🍃33. Хақ сөзді бала айтса да тоқтамақ керек.
🌸🍃34. Есебі жоқ ант ішпе.
🌸🍃35. Бір қылығың жағып күнде жақсы болмайсың.