ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан өңірінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазалау, көк тайғақтың алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Атап айтқанда, 15-16 желтоқсан күндері өңірде инертті материалдар, соның ішінде құм – 252 м3 және 46 тонна тұз себіліп, 65 дана арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 171 жұмысшы көлік жүргізушілерінің қолайсыз ауа-райында уақтылы әрі еш кедергісіз жетуі үшін қызмет етуде.
Жалпы аталған күндері «Оңтүстік жолдары» мекемесінің жұмысшылары қардың қалың жаууына байланысты таулы аймақтарда бірнеше автокөлікті қар кұрсауынан шығарды және мамандар тарапынан тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі