БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Осы орайда, 2024 жылдың 14 желтоқсан күні Далақайнар ауылындағы Т.Әшімбаев атындағы орта мектебінде ата-аналарға арналған маңызды жиналыс өтті. Жиналыс барысында балалардың қауіпсіздігі, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде көшеде жүрмеуі, сондай-ақ тойхана мен мейрамханаларда даяшы болмауы жөнінде ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиналыстың мақсаты — ата-аналар мен мектеп ұжымына балалардың қауіпсіздігі мен олардың дұрыс тәрбиесіне қатысты маңызды ақпараттарды жеткізу болды.
Н.Сұлтанбаев, Шу ауданы әкімінің орынбасары