ТӨЛЕБИЛІК КӘСІПКЕР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданында жеке кәсіпкер жалғыз басты анаға 4 бөлмелі баспана сыйлады. Демеушілік есебінен салынған тұрғын үй қажетті сантехникамен жабдықталып, сыртқы қоршауы тұрғызылған. Тұрғын үй заманауи үлгіде толық әрленген.
Баспаналы болған отбасының қуанышын бөлісуге аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров барып, демеушілік жасаған азаматқа алғысын жеткізді. Мектеп жасындағы ұлына планшет сыйға тартты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі