ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰНЫ 28 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН ҮШ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен инвестиция тарту бағытында қарқынды жұмыс жүруде. Осыған байланысты Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов тиісті бөлім басшыларымен бірге Қытай елінде іссапарда болды.
Іссапар барысында Үрімші және Санжы қаласындағы индустриалды аймақтың басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізіп, кәсіпкерлік нысандарды аралады.
Ол жерде, тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеумен көш бастап тұрған кәсіпорындарының жұмысын бақылап, тәжірибе алмасты.
Нәтижесінде жоғарыдағы тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеумен айналысып жүрген ірі кәсіпкерлер Донг Уонг пен Зну Мингпен іскерлік байланыс орнату бойынша екі жақты келісімшарт түзіліп, алдағы уақытта ауданда құны 28 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаны іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілді.
Бұл жобалар іске асқан жағдайда аймақта 410 адамға жаңа жұмыс орны ашылып, аудандық бюджетке 400 млн.теңгеден астам салық түседі деп жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі