АҚЫЛ-ОЙ ЖАРАТУШЫНЫҢ, КӨЗІ ҰЯТ-ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ
Ақыл мен ұят адамның сыртында емес, ішіңде. Егер адам екі жақтан ар мен ұяттан тірек тапса, тәрбиені қабылдауға дайын болады.Ондай тірек бірі- Жаратушыдан, екіншісі-адамдардан.
Дұрыс тәрбиеленген адам үшін Құдай да, адамдар да тек сыртқы айнала емес, ішкі әмірші.Оның ақылы Жаратқанның талабына сай,ал ұяты халық дәстүрімен нәр жинайды…
Ұят өзіңе тілемейтініңді өзгеге істетпейді.Егер
жаманшылықты біреуге істеген, олар да сізге соны істейді.
Бүгінгі құндылықтардың арзандауы адам өзгеден талап екенін өзі орындамағаннан басталады.
Ұлттың көрінісі-ұяла білу.
Ұят-жан, ұяла білу-тән.
Жансыз тән өлі.
Саусақтың тырнақтары адам жұрттан ұялғаннан алады, ал аяқтың тырнағын өзіңнен ұялғаныңнан аласын.
Өзгеден ұялып,сыртқы киімдеріңді жөндесең, ішкі киімді өзің үшін таза ұстайсын.
Өзіңді өзін тыңдамасаң, өзгелерді де тындамайсың.
Өзіңнен өзін ұялмасаң, өзгелерден ұялмайсың.
Ақылың болмаса, Жаратушыдан да, адамнан да қорықпайсың, өзгені де сыйламайсың…
Құдайдан қорықпайтындар өлімнен қорқады, бірақ халық қазынасын жеуден қорықпайды…
Сана-бақыт кепілі, ұят-кемелдік көрсеткіш.
Ар-ұятпен өмір сүрген адам ешкімнің алдыңда бас имейді, біреудің айтқанына көнбейді, сабынсыз біреудің артына кірмейді…
Жан жайлауларыңызда өскен ұят гүлі солмасын!
Бақыттың кепілі-жақсылық ойлау, жақсылық істеу…
Өтінем, қайталанбайтын тұлға болыңыздаршы…
Адам болып келіп, адам болып өтейікші. Адамда құнсыз өмір болмаса екен деп тілеймін!
РАЙХАН МАТАЕВА