ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылды. Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қолға алған бұл бастама ерекше жандарға қуаныш сыйлап, тең қоғам құндылықтарын насихаттауды мақсат етті.
Мерекелік кештің шымылдығын Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев жүрекжарды құттықтауымен ашты. Шараға арнайы қатысқан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев да өзінің жылы лебізін білдірді.
Кеш барысында ерекше жандар өз өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Мерекелік концерттің соңында қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, шара мейірім мен қуанышқа толы сәттермен аяқталды.
Бұл мерекелік шара ерекше жандарға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамның жылы қарым-қатынасы мен қамқорлығын тағы бір мәрте айшықтай түсті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі