Ұлттық құрылтайдағы ұтымды ұсыныстар назардан тыс қалмайды

Астана қаласында ұлттық құрылтай да көтерілген мәселелер мен оның орындалу барысы талқыланды. Мемлекет басшысы биылғы жолдауында келер жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны белгілі. Сондай-ақ техникалық және кәсіби білім жүйесін реформалау қажеттігін де айтты.
Басқосуда қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге басымдық берілді. Атап айтқанда лудомания, ойын бизнесі, адамзаттың санасын улайтын есірткі заттарымен күрес және әйелдердің құқығы мен балалар қауіпсіздігі туралы айтылды. Оған қоса, жастардың бойына жалпыұлттық құндылықтарды сіңіру бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды. Жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін қолға алынған маңызды бастамалар көтерілді.
Бірінші кезекте айтатын дүние: Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин есірткі тасымалдаған жасөспірімдердің жазасын жеңілдету үшін заңға өзгерістер енгізілгенін хабарлады.
Жұмыс кездесуінде талқыланған басты тақырып — біртұтас тәрбие бағдарламасы.
Осылайша Ұлттық құрылтай биыл атқарылған шаруаны қорытындылады.

Нағашыбай Қабылбек