Ботулизм және оның алдын алу

Желтоқсан мерекелері қарсаңында үй шаруасында көбінесе үлкендерде, балаларда жақсы көретін үйдегі дайындалған көкөніс консервілерін отбасы мен қонақтарға ұсынамыз, бірақ консервілеу ережелерін сақтамай дайындалған өнім Ботулизм сияқты тамақтан улануды тудыруы және қайғылы салдарға әкелуіде мүмкін.

Жамбыл облысында 2024 жылдың өткен кезеңінде тамақтан уланудың, оның ішінде «ботулизм» диагнозымен өтетін  тұрмыста уланудың 6 жағдайы тіркелді.            Тамақтан уланудың барлығы үй жағдайында дайындалған өнімдерді пайдаланумен байланысты болды.

Бұл ретте сіздерге ұсынатын ақапарат бұл Ботулизм. Ботулизм  дегеніміз не екенің тағыда еске саламыз?

Аурудың атауы осы инфекцияның қоздырғышы болып табылатын және Clostridiumbotullini деп аталатын микробтан шыққан.             Ботулизм – өте қауіпті токсикоинфекция. Ботулизмнің клостридий микробы топырақта көптеген жылдар бойы өмір сүре алады. Ауасыз, мысалы, консервіленген тағамдарда ботулинум токсині пайда болуы мүмкін, ол шылдыр жыланның уынан 400 мың есе күшті деп саналады. Адам ботулинум токсині бар өнімді жегенде, улану науқастың бүкіл денесінде бұлшықет сал ауруын тудырады.            Көп жағдайда  ботулизмнің себебі – консервіленген баклажан, бұрыш, үйде дайындалған саңырауқұлақтар. Алайда, ботулинум токсині кез-келген консервілерде жиналуы мүмкін: ет бұқтырмасында, консервіленген көкөністерде, балықта. Ботулизмді консервіленген дәмдеуіштерден де кездестіруге болады.             Бастапқыда нашар жуылған және сапасыз термиялық өңделген барлық консервіленген өнімдер қауіпті болуы мүмкін екенін түсіну қажет. Өнеркәсіптік консервілерден ботулизмді жұқтыру үйге қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі. Алайда, бұл да кезесуі мүмкін.            Инфекцияны қалай болдырмауға болады?            Ботулизмнің ең жағымсыз жағы – Сіз өнімнің сыртқы түрінен инфекцияның бар-жоғын анықтай алмайсыз.             Сонымен қатар, ботулизмнен вакцинация жоқ, иммунитет дамымайды. Сондықтан бір ғана ұсыныс: консервілерді дайындау және жеу кезінде сақ болу. Консервілерді дайындау кезінде термиялық өңдеусіз үйде Clostridiumbotulinum толық жойылуына қол жеткізу мүмкін емес екенін есте ұстаған жөн. Ешқандай жағдайда ісінген (бомбажды) консервілерді жеуге болмайды. Егер олар ісінген болса, онда консервілеу процесі бұзылған. Консервілер термиялық өңдеуден өтпеген болуы мүмкін. Мұндай өнімдермен улану қаупі әлдеқайда жоғары. Бомбажды ісінген консервілерде ботулинум токсинінің болуының белгілерінің бірі екенін ұмытпаңыз.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, тұрғындарды профилактикалық шараларды қатаң сақтауға шақырамыз:

— банкілерді ашқан кезде, өнім күмән тудырса, оны тұтынудан бас тартқан абзал;

— қолдан жасалған көкөніс пен ет консерві өнімдерін белгісіз сауда орындарынан сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттарысыз сатып алмаңыздар;

— ботулизмнің алғашқы белгілері пайда болған кезде міндетті түрде білікті медициналық көмек алу үшін дәрігерге жүгініп, консервіленген өнімді пайдаланғаныңыз туралы дәрігерді хабардар етуіңіз қажет.

Ботулизмді қалай тануға болады?            Ботулизм өте тез, бірден дерлік өзін-өзі білуге мүмкіндік береді.             Ауру 2-24 сағат ішінде дамиды, адамда диарея, құсу пайда болады, температура сәл көтеріледі, асқазан ауыра бастайды.             Ботулизмнің ерекше көріністері – көру өткірлігінің бұзылуы, көздің бұлшық еттерінің реакциясына байланысты қосарланған көру басталады, страбизм дамиды.             Содан кейін сөйлеудің бұзылуы, әлсіздік, ауыздың құрғауы, жұтынудың бұзылуы, дауыстың өзгеруі қосылады.             Ботулизмнің маңызды белгісі, жоғарыда аталған белгілер болған кезде, температураның шамалы көтерілуі және безгектің болмауы.             Егер де  ұқсас белгілер байқалса, шұғыл түрде жедел жәрдем шақыру қажет.

Алибаева Салтанат Қордабайқызы – Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары.