КЕНТАУДА 60 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңір тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгін Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Кентау қаласында үй кезегінде тұрған 60 пәтерлі, 3 қабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға тапсырылды.
Кентау қаласында жаңадан бой көтерген Ш.Уәлиханов көшесіндегі қоныс тойға қала әкімі Жандос Тасов қатысып, қала тұрғындарын жаңа баспаналарымен құттықтап, пәтер кілтін табыстады.
Бүгінгі таңда қала бойынша мемлекеттік тұрғын үй кезегінде жалпы – 4856 азамат тіркелген. 2018-2024 жылдар аралығында 1057 кезекте тұрған азаматтарға мемлекет тарапынан пәтер берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі