ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Сауран ауданының тұрғыны субсидияға қатысты мәселе көтерсе, Бәйдібек ауданынан келген азамат балық шаруашылығын дамыту үшін жалға берілетін жерге қол жеткізе алмай жүргенін жеткізді. Түркістандық тұрғын халыққа қызмет көрсететін нысан салу үшін жер алуға берген өтінішін қанағаттандыруға ықпал етуді сұрады. Сонымен қатар қабылдау барысында тұрғындар аудандардағы инфрақұрылым құрылысының сапасына қатысты шағымдарын ортаға салды.
Нұрбол Тұрашбеков көтерілген мәселелердің заңдылығын тарқатып түсіндірді. Айтылған шағымдар бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, орындалу мерзімін белгіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі