Балалар арасында жіті-ішек жұқпасының алдын-алу іс-шаралары

Жедел ішек инфекциялары – әлемде ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады.Барлық ересектердің, әсіресе, балалардың дизентериямен, сальмонеллезбен, колиэнтеритпен және басқа да жедел ішек инфекцияларымен ауырмаған бірде-бір ел жоқ. Жұқпалы жедел ішек ауруларының көбейетін  мезгілі  жаз айлары болып есептеледі. Ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы организмінің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты. Ішек инфекциясы-жұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен ілесіп сыртқы ортаға тарайды. Инфекция  гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден, мәселен, жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішкендіктен, лас суға түскендіктен жұғады. Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда шыбындар таратады. Аурудың алғашқы белгілеріне іштің жиі-жиі  өтуі, дене қызуының көтерілуі, сәбидің емшектен бас тартуы, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретінде қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы жатады. Мұндай кезде дәрігер келгенше немесе жеткенге дейін біраз уақыт кетеді. Сондықтан мүмкіндігінше ем жасай бастаған жөн. Ол үшін сұйықтықты мол, көбірек ішкізу керек. Өздігінше емделу аурудың асқынуына әкеліп соғуы немесе созылмалы формаларына ұласуы мүмкін. Антибиотик қабылдау сырқаттың клиникалық сипатын өзгертеді, мұның өзі дұрыс диагноз қоюды қиындатады.
Ішек инфекциялары бұрыннан «лас қолдың ауруы» деп аталады. Сондықтан сырттан  келгенде қолыңызды сабындап жуыңыз деген қарапайым ережелер туындайды. Осындай қарапайым ережемен сіз өзіңізді де және отбасы мүшелерін де әртүрлі инфекциялардан қорғай аласыз. Алдын алу шаралары:Ішек инфекциялары – кір қолдың ауруы. Оның алдын алу үшін:жеміс-жидектер мен көкөністерді ағынды су астында жақсылап жуғаннан кейін пайдаланыңыз; өнімдердің жақсылап қуырылып, қайнатылуына көңіл бөліңіз;жұмыртқаны шикі немесе шала қайнатылған күйінде қолданбаңыз; дайын тамақты пайдалану кезінде оның исіне, дәміне мұқият мән беріп, тез бұзылатын тағам өнімдерін тоңазытқышта сақтаңыз;арнайы көрсетілген жерлерде шомылыңыз;
суды тұтынар алдында міндетті түрде қайнатыңыз немесе бөтелкедегі суды ішіңіз; балаларды әрбір тамақтандырар және тамағын дайындар алдында қолды жақсылап сабындап жуу керек, оның әрбір затын, ойыншықтарын, бөтелкесі мен емізіктерін таза жағдайда ұстаңыз;

 

Наурызбай ауданы

санитариялық-эпидемиологиялық

 бақылау басқарма  басшысы

В.Конеева,

 Наурызбай ауданы

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының

 эпидемиологиялық бақылау

және қадағалау бөлімінің

жетекші  маманы  А.Ауелбекова