«Тәуелсіздік тұғырым»

Алматы қаласы Наурызбай ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған, Наурызбай ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырған іс шараға қатысты. Желтоқсан оқиғасының ардагерлері мен ауданның мемлекеттік қызметкерлері, мектеп ұстаздары мен оқушылары болды.

Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Тіл – тіршіліктің бастауы. Тіл арқылы білім мен ғылым үйреніп отырып, қоғаммен араласады. Наурызбай ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметшілері де мемлелеттік тілге құрметпен қарайды. “Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі алға қойып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өткені мен бүгінін әлемге танытатын да оның тілі. Яғни, Мемлекетімізді күллі әлемге танытатын да қазақ тілі. Мемлекеттік тілге басымдық беріп, өтініштер мен іс-қағаздары, келген азаматтармен сұхбаттасу кезінде қазақ тілі қолданады. Мемлекеттік лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта екенін біледі. «Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл, анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» — деп Бауыржан Момышұлы айтып өткен, яғни қазақтың болашағы – қазақ тілінде екенін айқындап бергендей. Қазіргі қоғамда басқа тілді үйренуге ешқандай шек қойылмайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болуы тиіс. Өзгенің құлы емес өз еліміздің ұл – қызы болайық, өзгенің емес,өз еліміздің тілін құрметтеп, мәртебесін  көтерейік! Тәуелсіз елдің тілі мен болашағы — аға буын мен жастардың тілегі мен жүрегінде мәңгі болсын!

 

   Алматы қаласы Наурызбай ауданының

    санитариялық- эпидемиологиялық

    бақылау басқармасы басшысының орынбасары                              С.Ахметова