Айфон қолданушылардың 6 қателігі
Нарықта қымбатқа бағаланатын телефоны барлар төменде біз келтіретін мысалдарға көп назар сала бермейді.
- Смартфонды аптасына бір рет сөндіріп тұру керек. Ұзақ уақыт бойы қолданылмаса да, сөндірмей ұстаған телефонның аккумуляторы тез істен шығатынын ескертеді.
- Қалтафоныңызды түні бойы қуат көзіне қосып қоймаңыз. Бұл әдіс телефон батареясының тез бұзылуына алып келеді. Сондай-ақ, «айфонның» қуаты да тез таусылатын болады.
- Сондай-ақ кез келген телефонды 0 градустан төмен ауа-райында пайдаланбағаныңыз жөн. Жазды күндері +30 градус та кері әсерін тигізеді.
- Зарядтағыш құрылғысы істен шыққан кезде, арзанын сатып алмаңыз, ол да телефоныңздың тезірек бұзылуына әсерін тигізеді.
- Айфонды жиі тазалап тұрған жөн. Жұмсақ матамен сүртіп, жалтыратып қойғаныңздың өзі телефонға оң ықпал етеді. Сондай-ақ, зарядтағыш құрылғыны да тазалап тұрыңыз.
- Мекен-жайыңызды анықтайтын қызметке рұқсат берген кезде телефонның батареясы тез отырады. Оған әртүрлі бағдарламадан келетін push-хаттар да әсерін тигізеді
ҚазДала кз.