Тарихтағы ең бай адам Джон Рокфеллердің өмірден тоқыған ең маңызды 20 сабағы
- Мен 100 пайыз өзімнің күш-жігерімнен гөрі 100 адамның 1 пайыз күш-жігерінен пайда тапқанды қалар едім.
- Күндіз-түні жұмыс істеген адамның ақша табуға уақыты жоқ.
- Бедел жинаңыз, ертең ол Сізге жұмыс жасайтын болады.
- Қайсарлықтың арқасында дұрыс болсын, бұрыс болсын, жақсы болсын, жаман болсын – барлығы орындалады.
- Бизнеске негізделген достық достыққа негізделген бизнестен артық.
- Адамдармен қарым-қатынас жасай білу – ол қант немесе кофе сияқты сатып алуға болатын тауар. Сондықтан мен сондай қабілетке дүниедегі басқа нәрселерден артық төлеймін.
- Әзіл айту мен қарыз алу кенет болу керек.
- Егер бай болу Сіздің жалғыз мақсатыңыз болса, онда ол ешқашан орындалмайды.
- Маған ойланатын адамдар емес, жұмыс істейтін адамдар керек.
- Ақша табу жолы – көшеде қан төгіліп жатса да сатып алу.
- Құдай менің ширақ қимылдап, барлық күш-жігерімді салатынымды білгендіктен табысты болуымды және кез-келген жерде пайда табатынымды сездім.
- Жақсы басқара білу – ол орта қабілетті адамдарға ерекше адамдардың жұмысын қалай істеуге болатынын көрсету.
- Мен әрқашан кез-келген сәтсіздікті мүмкіндікке айналдыруға тырыстым.
- Бәрін білетін адамнан ынтасы бар адамды жұмысқа қабылдар едім.
- Жетістіктің кез-келген түріне қайсарлықтан басқа маңызды қасиет бар деп ойламаймын.
- Ақша үшін ақша табуға барлық уақытын арнаған адамнан сұмырай және бейшара жанды білмеймін.
- Мен бұл өмірде маңдайыма не жазғанын ешқашан білген емеспін, бірақ бір ҰЛЫ іске жаратылғанымды әрқашан білдім.
- Үлкен шығындардан қорықпау керек. Аз пайдадан қорқу керек.
- Менің қандай нәрседен рахаттанатынымды білесіз бе? Жұмсаған күш-жігерімнің пайда алып келгенін көру.
- Сіздің әл-ауқатыңыз Сіздің шешімдеріңізге байланысты.