ӘЛЕМДЕ НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?
МАҢҒЫСТАУ жалғасы — 19
Маңғыстау небір құпияларды бүгіп жатқан киелі де жұмбақ аймақ. Солардың бірі ондағы шашылып жатқан шар сияқты домалақ тастар.
Осы шар тәріздес домалақ тастар — әртүрлі өлшемде, диаметрі бірнеше метрге дейін және салмағы бірнеше тоннаға дейін барады. Осындай тас шарлар, әлемнің көптеген жерлерде бар екені ешкімге құпия емес. Бірақ бір қызығы, барлық елдердегі шар тәріздес осы тастардың барлығы, әдетте бірдей құрылымға ие — жер бетінде сирек кездесетін гранит элементтердің майда түйіршіктер «қорытпалары» қатты сығымдалып, спираль сияқты бұралған.
Кейбіреулердің пікірінше геологиялық құрылымдардың бір түрі деп санаса, ал басқалары оларды динозаврлардың тас болып қатып қалған жұмыртқалары деп санайды.
Ия, шынында осы тастарды бүкіл әлемге кімдер шашып тастады және неліктен деген сұраққа жауап әлі белгісіз. Дегенмен, осы шар тастар туралы көп нәрселер белгілі болғанымен, бірақ олардың шынайы мақсаты туралы біркелкі жауап жеткіліксіз, тіпті жоқ десекте болады. Расында осы жұмбақ тастар Сатурн планетасының алыстағы серіктеріне ұқсас сияқты…
Осы сұрақтарға планетаның ақпараттық өрісінен аян түс көру арқылы берілген ақпаратқа назар салыңыздар. Бірақ көптеген адамдар осыны ертегі немесе фантастика деп санайды. Дегенмен де мұндай ақпараттың пайда болуының өзіндік мағынасы бар шығар. Ал скептиктер әрқашанда болған, жәнеде бола да береді…
«Жер Ана көптеген дәуірлерді бастан өткерді. Бұл дәуір сіздердің ата-бабаларыңыз түгілі, арғы, тіпті оданда арғы ұмыт болған ата–бабалардың дәуірінде болды. Бұл дәуір өркендеу мен соғыстар уақыты еді. Және бұл кез ұлы өркениеттер дәуірі мен жабайы надандар дәуірі болды.
Егер басқа планеталармен салыстырғанда — Жер өмір сүруге болатын кішкене тамшыдай ғана, бірақ дәлірек айтқанда, Күн жүйесінің өзі барлық планеталарымен қоса алғанда — ЖАРЫҚ дәуірі жиі ҚАРАҢҒЫЛЫҚ дәуіріне ұласатын аумақта орналасқан, және керісінше қараңғы дәуір — жарық дәуірге ұласып отырды.
Сол ежелгі дәуірдегі галактиканы қазір сіздер Құс жолы деп атайсыздар. Осы Құс жолы жарық әлемге қарсы түнек әлемінің шекарасында тұр. Яғни ақ пен қара қиылысатын шекарасында орналасқан. Және оның үстіне біздің ғалам әлі өте жас…
Яғни жарық әлемге қарсы — зұлым қара әлем бар. Онда әсемдік пен әдеміліктің бәрі — ұсқынсыз. Ал ұсқынсыздың бәрі олар үшін — әдемі. Ондағы қатыгездік пен зұлымдық — мейірім мен ізгілікке жатады. Олар жын-шайтанды ҚҰДАЙ деп санайды. Ал олардың құдайы – қара рух, және жын, шайтан және т.б. аттары көп. Осы қара әлемнің шекарасы — Құс жолы галактикасының жанында орналасқан. Ал галактика айналу кезінде оның шеткі жақтары — қараңғы әлеммен ішінара жанасып отырады. Күн жүйесі олармен жанасқан кезде, Жер бетінде қараңғы дәуір басталады. Ал галактика айналғанда немесе күн жүйесі қарсы әлемнен алыстағанда — жарық та, жарқын әлем дәуірі басталады. Міне осылай ақ пен қара ауысып отырады.
Біздің дәуірімізге дейін, өте ерте заманда біздің Күн жүйесіне қара әлемнен қорқынышты тастар түсті. Олар аса ауыр элементтерден тұратын, және өте радиоактивті улы және бұл тастар өте үлкен болды. Ол кезде Жер планетасы гүлденіп тұрған кез болатын.
Бірақ ол кезде Жер планетасы Күн жүйесіндегі өркениет орталығы емес еді. Ол кезде өркениет орталығы — Фаэтон планетасы болды. Міне дәл осы планетадан өркениет — Жерге, Марс пен Венераға келді. Ал басқыншы обырлардың басты нысанасы Фаэтон болды. Обырлар үлкен тастармен Фаэтонды атқылап тесіп, жарып жіберді. Олар онымен қоймай Венераны да өртеп жіберді, және Марс ауа атмосферасының көп бөлігін жұлып алды. Міне осылай олар Күн жүйесін орасан зор өртке орады.
(Фаэтон планетасының қалай соғысқаны және жарылып апатқа ұшырағаны туралы толық ақпаратты осыдан үш жылдай бұрын жазылған ӘЛЕМНІҢ ҰРЛАНУЫ атты жазбамда немесе осы фейсбук парақшамда тұр. Егер қажет деп тапсаңыздар оқуларыңызға болады)
Бірақ жарық әлем осы сұмдық шабуылдан соң, көптеген дәуірден кейін, қайта есін жиған кезде Лемур өркениеті Жер бетінде пайда болды. Осыны тірі қалған фаэтондықтар, венералықтар мен марстықтар, сондай-ақ тірі қалған ежелгі жердің тіршілік иелері Телүрлықтар (ақ айдаһарлар мен ақ жыландар) осы лемур өркениетінің негізін қалады. Лемурияның гүлденуі мен өркендеуі сол жаңа ЖАРЫҚ дәуірде болды.
Бірақ қараңғы, зұлым обырлардың әлемі арада қаншама дәуір өтсе де, өздерінің агрессиялық әрекеттерінен бас тартпады. Келесі қара дәуір кезеңі басталғанда, қара әлемнен өте ауыр қара айдаһарлар мен қара жыландар планетасы лақтырылды. Осы қара планета Күн жүйесінен өтіп бара жатқан кезде жарылып, оның үлкен бөлігі Жер қойнына еніп кетті. Осыдан кейін Жер планетасының салмағы өте ауыр тартып кетті, яғни жердің жиілік энергиясы күрт төмендеп кетті. Осылайша жердің терең бір бөлігіне қара айдаһарлар мен қара жыландар, құбыжық жындар жайласып алды. Қара айдаһарлар мен қара жыландарға қарсы Телүрлықтар яғни ақ айдаһарлар мен ақ жыландар шайқасты бастады.
Сол шайқас күндері Лемурия өртеніп кетіп, тек кішкене бір бөлігі ғана қалды. Осы кезден бастап, жер бетінде қорқынышты да, қара өркениет дәуірі билік ете бастады. Яғни қара айдаһарлардың қара сарайлары мен улы көлдері жер бетін жайлап алды. Сол кезде қара айдаһар — қара өркениет қожайындарының пайдаланатын құралы болды. Ал олардың қожайындары кезінде Құдайдың ақ жолынан тайған періштелер еді. Өте төмен энергиялы әзәзіл, жындар мен обыр анунаhтардың орталық жүйесі — Неберу болды. Неберудің айналасында айналатын кішкентай, бірақ өте ауыр планета Нефилим деп аталады. Осы планета қара өрмекшілер мен қара құбыжықтардың отаны еді. Кейінірек осы обырлар гендік инженерия арқылы өздеріне гуманоидтардың генетикалық материалын енгізе отырып, бастары үлкен, өте қорқынышты қара көздері бар, аяқ-қолдары жіңішке, терілері сұр қара субгуманоидтық құбыжық дене жасады. Дегенмен олар сымбатты да әдемі дене жасай алмады.
Осыған қарамастан обырлар өздерін жаратылыстағы ең таңдаулы шеберлерміз деп атады. Олар кейінірек Жерді құлдыққа айналдырғаннан кейін, өздерін анунаhтар деп атады. Бірнеше жүздеген ғасырлар өткеннен кейін обыр анунаhтар — атланттықтардың генетикалық материалын шебер пайдалана отырып, адамдардың денесіне қол жеткізді. Міне осылай қара әлем Неберу жүйесі — Фаэтонды жарып жібергеннен кейін, біздің галактикаға кіріп, Күннің орбитасына енді.
Осыдан кейін олар Мардук деп атала бастады. Неберу өзінің спутнигі Нефилиммен бірге Мардуктың айналасынан кең орбита алды. Осылайша қараңғы да, түнек әлемі — Күн жүйесінің шетіне орналасты. Ол кезде обыр анунаhтар жоғары дамыған қара техногендік күшке ие еді.
Олар кішкентай, бірақ өте ауыр қара айдаһарлар мен қара жыландардың планетасын өздеріне тартып қарату арқылы, жер бетінде үлкен апаттарды жасады. Қара айдаһарлар мен қара жыландар олардың Жерге жіберілген қызметшілері болды. Қара айдаһарлар жер бетінде патшалық құра бастаған кезде, Лемурлықтар жер асты үңгірлер мен қуыстарға кіріп кетті. Ал осы кезде обырлар өздеріне ұнаған Сатурн аймағын игере бастады.
Күн жүйесіндегі Фаэтон жарылып кеткеннен кейін, Сатурнның көптеген спутниктері пайда болды, және олар сөніп қалған Мардуктен қарағанда, Күнге жақынырақ болды. Бірақ сол көптеген спутниктер өмір сүруге жарамсыз еді. Осыдан кейін обырлар Сатурнның жасанды серіктерін жасап, өздерінің базалары сияқты егеленіп алып, сол жақа жылжи бастады. Жасанды спутниктердің іші қуыс болғандықтан оның ішінде анунаh обырлардың станциялары мен құлдары — үлкен қара өрмекшілер және сұрлар болды. Олардың ең үлкен әскери базасы, және ең қуатты қарумен қаруланғаны — Мимас спутнигі еді. Оның бүйірінен алып лазерлі шағылыстырғыш құрылғы жасалды. Осы құрылғы тек Күн жүйесінің ақпараттық өрісін ғана емес, сонымен қатар планеталар мен жұлдыздардың физикалық орналасқан жерлерін бұрмалады. Ал жойылудың алдында тұрган өркениеттердің көмекке шақыру мен дабыл белгілері басқа әлемдерге жетпей қалуының басты себебі де осы болды.
Обырлар Неберудің тағы бір спутнигі ретінде Мимасты өздерімен бірге әкеліп, оны Сатурнның жанына бірінші болып орналастырды. Сондықтан миллиондаған жылдарға созылған кідірістен кейін ғана Күн жүйесіне көмек келді.
Осы аралықта тек отты ақ айдаһарлар ғана, тікелей қарсыластары қара айдаһарлар мен қара жыландардың қимылын — Күн жүйесінде ғана емес, Жерде де қадағалап, олардың артынан үнемі ілесіп отырды. Бірақ бұл кезде ұзақ уақыт бойы олардың күштері жаумен тең емес еді. Дегенмен, ақ айдаһарлар тірі қалған лемурлықтарды жер бетіне шығарып, Му өркениетін құрды. Осы өркениет — қара айдаһарлар және Сатурн түбіндегі обыр анунаhтармен ұлы соғыстар дәуірінің тек басы ғана еді. Ал Мимас спутнигі өзінің лазерлі сәулеге ие — нағыз қорқынышты «өлім жұлдызы» болды. Ал осы күнгі сіздердің аңыз деп санайтын дастандарда сипатталған кескілескен Жұлдызды соғыстар осы еді.
Сондай-ақ обырлардың Иапет спутнигі де дәл осындай қорқынышты болды. Ол экватор бойымен қосылған алты бұрыштардың алып шар түрінде салынған болатын. Осы спутник обырлардың жаулап алған өркениеттердің ішіндегі ең қуатты базасына айналды. Дәл осы базадан Күн жүйесіне Сүмбіледен көмекке келген экипаждарға өте күшті шабуылдар жасалды. Және Жер мен Марсқа көмекке келген Үлкен және Кіші Аю, Бүркіт, Айдаһар, Плейада, Аққу және т.б. жүйелердің жауынгерлері де осы шайқасқа белсене қатысты. Міне осы соғыстар Жұлдыздардың ұлы шайқасы еді. Бұл туралы ғаламның ақпараттық өрісінде жазылып, кейін Му елінің тарихын сақтаушылары қайта жазды. Бірақ осы ұлы шайқастар туралы жазылған алтын кітаптардың кейбір бөліктері жойылып, ал кейбір бөліктері обырлардың қолына түсті. Осы кітаптардан алынған, мыңдаған адамдардың ауызша жеткізу арқылы жеткен ақпарат, көркем әдебиет жазушыларға да жетті. Бірақ обырлар осы шындықты жариялауға тыйым салды, бұның орнына бұрмаланған ертегілер жазылды.
Дегенменде обырлар бәрібір кейбір нәрселерді жасыра алмады. Яғни Отты соғыстар кезінде Мимастан Жер мен Марсқа тыңшы құрылғылар мен түрлі жойғыш техникалар тасталды. Міне сол тасталған тыңшы және жойғыш жасырын құрылғылар әдейі елеусіз болсын деп — домалақ тас күйінде тасталды. Осы тастар қазіргі күнге дейін Маңғыстау жерінде шашылып жатыр. Осы құрылғылар сырт жағынан қарағанда тас болып көрінгенімен, бірақ ішкі жағына лазерлік улы сәуле тығыздалып толтырылған өлім станциясының кішкентай көшірмелері еді. Тіпті миллиард жылдар өтсе де, осы құрылғылар осы күнге дейін сақталып қалды. Әрине бұл тастар адамдар үшін біртүрлі пішіндегі тастар ғана. Осындай жұмбақ тастар тек Маңыстау даласында ғана емес, бұндай тастар Оңтүстік Африкада, Иркутскіде, Қытай, Австралия, Оңтүстік Америка, Бразилия, Мысыр, Непал, Румыния және Батыс Сібірде бар.
Сонымен қатар отты соғыстар дәуірі ұлы Телурия жерінің шекарасы қазіргі Антарктида да өтті. Сол кезде Антарктида Африкаға қосылды. Сол кездегі отты соғыстардың негізгі қаруы ауыр заттардан жасалған және нығыздалып көп қабатталған радиоактивті улы бомбалар — осы шар тастар еді. Ал обырлардың қара құбыжық құлдары үшін радиоактивті у ешқашанда зиянды болған емес. Өйткені олар өздерінің бастапқы планетасының негізгі құрамы — уран арасында өмір сүргендіктен, оларға уран, плутоний және басқа да, аса ауыр улы элементтер өмір сүрулеріне ауадай қажет. Сондықтан да, жалындаған отты соғыстар дәуірінде олар бүкіл Жерді радиоактивті у тастармен бомбылап тастады. Бұған тек отты ақ айдаһарлар ғана қарсы тұра алды. Олар улы бомбыларға қарсы жауап ретінде — залалсыздандыру бомба тастарды жасауды үйренді, және оларды зардап шеккен аймақтарға лақтыра бастады. Тек осы (техногендік емес) қарулардың көмегімен немесе ақ айдаһарлардың табиғи күшті рухтарынан туындаған қарудың арқасында обырлардың қара құбыжықтарын қуып, шағын аумақтар мен планетаның кең аумақтары тазартылды. Дәл сол кезде Му елі құрылды, осының негізін салушылар — лемурлердің ұрпақтары жер бетіне шығуға мүмкіндік алды.
Осы уақытқа дейін Жер беті — өткен дәуірдегі соғыстардан қалған бомбаларға толы. Әрине, кейбір жарылмай қалған улы бомбалар да бар. Бірақ оның ішінде көптеген шар тастар негізінен ақ айдаһарлардың жасаған бомбалары. Осы тастардың көпшілігі осы күнге дейін, айналасындағы кеңістікті улы радиациадан тазартуда. Әлбетте, енді олар жарылмайды, бірақ сол жерлердің энергиясын осы күнге дейін күшті тазартуды жалғастыруда. Тек адамдар сол тастардың қайдан келгеніне осы күнге дейін таң қалады. Осындай тастар Америкадан Азияға, Сібірден Үндістанға дейін барлық жерде жатыр, және бұрын құрғақ болған мұхиттардың түбінде де жатыр.
Қара айдаһарлардың радиоактивті бомбаларын барлық жерде ақ айдаһарлар жойды, және залалсыздандырды. Ал кейінірек Үлкен және Кіші Аю, Сүмбіле, Плейадалар, Бүркіт, Айдаһар және т. б. осы сияқты кіші гірім өркениеттерінің жауынгерлері көмекке келіп, қара айдаһарларды қырып, жойды. Содай-ақ Суқұйғыш, Балықтар, Андромеда, және т.б., өркениеттер де соғысқа қатысты. Олар жер планетасында ұлттар мен нәсілдердің қалыптасуына өз ДНК-ларын естелік ретінде қалдырды.
Му елінің ұрпақтары немесе қазіргі Шығыс Азияның кейбір халықтары әлі күнге дейін ақ айдаһарларды ауыздарына шарлар салып бейнелеп, жиі дәріптейтіні осы себептен. Міне осылайша, құтқарушы — ақ айдаһардың бейнесі миллиард жыл бойы адамдардың жадында сақталып қалды. Бірақ көптеген адамдар доп шардың мағынасын білмесе де, оны даналық пен ұзақ өмірдің белгісі ретінде, айдаһардың аузына немесе табанына інжу маржан тас қояды.
Ақ пен қара дәуірдің орын ауысып отырған кезеңдерінде немесе уақыт өте келе жаңа өркениеттерді құрды. Олардың ең қуаттысы Гиперборея болды. Бұдан кейін, көптеген ғасырлардан кейін, АЙдан жаңадан келген нәсілдердің арқасында Атлантида өркениеті пайда болды…
Біз жоғарыда галактика айналу кезінде оның шеткі жақтары — қараңғы әлеммен ішінара жанасып отырады немесе Күн жүйесі олармен жанасқан кезде, Жер бетінде қараңғы дәуір басталады, және галактика айналғанда немесе күн жүйесі түнек әлемнен алыстағанда — жарық әлем дәуірі басталады деп айттық. Дәл қазіргі кезде әлем жарық дәуірге аяқ басты. Осыған байланысты соңғы кезде обырлардың екі аяқты қызметшілері асығыс қимылдап, тағыда әлемде түрлі соғыстар ашып, және індеттер таратып адамзаттың санын қысқарту үшін барын салып жанталасуда. Өйткені олар уақыттарының біткенін білсе де, барын салып қарсыласуда. Ең бастысы осы екі аяқты әсірежаhаншыларға нұсқау беріп отыратын обыр қожайындарының көзі жойылғанын құлдары білмейді. Яғни басшысыз қалды немесе басы кесілген тауық сияқты жанталасып жүгіруде. Адамзат бұдан былай билікті өз қолына алатын уақыт келді.
Міне осы ғажайып шар тастар туралы естелік, ақ айдаһарлардың көмегінің арқасында — ұмыт болған сол әлемнің белгісі ретінде қалды. Сондықтан бұл тастарды орнынан қозғауға және тастардың бір түйірін де алуға болмайды.
Сондай-ақ сол кездегі немесе қазіргі Маңғыстау аймағындағы алып ағаштардың ұзындығы 3-4 км-ге дейін, ені бірнеше жүз метрге дейін болды. Тіпті кейбір ағаштардың ұзындығы 6 км -ге дейін жетті. Сол кейбір алып ағаштардың кесілген түптері осы күнге дейін Маңғыстау даласында тас болып қатып қалған. Бірақ бұл оқиға миллиондаған жылдар бұрын орын алған. Сол кезде, кейбір қалың алып ағаштарды обыр анунаhтар лазерлі сәулемен теп-тегіс етіп кесті, ал кейбір ағаштарды жарып жіберу салдарының нәтижесінде биік жаңқа күйінде қазіргі кезде тас болып қалған» деп аян ақпарат берілді.
Ал енді мына Маңғыстауда түсірілген мына суреттерге мұхият қарасаңыздар, расында жоғарыда айтылған оқиғалардың шынайы болғанына сенуге болатын сияқты. Бірақ осы аян арқылы жазылған ақпарат ғылыммен таласпайды. Дегенменде берілген ақпарат ойландыратыны сөзсіз.
ҚАСИЕТТІ МАҢҒЫСТАУ! КИЕЛІ МАҢҒЫСТАУ!ТАЛАЙ ҚҰПИЯНЫ ҚОЙНЫНА ЖАСЫРҒАН — ПАҢ МАҢҒЫСТАУ! НЕ ДЕГЕН ҒАЖАП ЕДІҢ!