МЕН ӘЙЕЛІМЕ «КӨМЕКТЕСПЕЙМІН»
Бірде мен үйде досыммен кофе ішіп отырып: «ҚАЗІР, МЫНА ЫДЫСТАРДЫ ЖУА ҚОЯЙЫН», — деп орнымнан тұрғанымда, досым селк ете түскендей болды. Содан кейін мен маған үлкен құрметпен таңдана қарап:
— Әйеліңе көмектесіп, керемет екенсің. Мен көмектеспеймін. КӨМЕКТЕССЕМ ДЕ ризашылық айтпайды…
Бірнеше күннің алдында еденді тазалап сүрткенімде «РАХМЕТ» те айтпады деп ойлашы?! -деді.
Мен досымның қасына келіп отырдым да,
— «Мен әйеліме КӨМЕКТЕСПЕЙМІН», — деп айтып, оны былай түсіндірдім:
— «Әйелім ешқандай көмек сұраған жоқ. Оның қалаған нәрсесі «СЕРІКТЕСТІК»!
Әйелімнің үй жұмысына КӨМЕКТЕСУ үшін емес, МЕН де осы үйде өмір сүретіндіктен үйді тазалауға тиіспін.
Әйеліме тамақ әзірлеуге КӨМЕКТЕСУ үшін емес, МЕН де тамақ жегім келгендіктен тамақ істеймін. Ыдыс-аяқты жууға КӨМЕКТЕСУ үшін емес, МЕН де ыдыстарды қолданатындықтан, жуамын.
Әйеліме КӨМЕКТЕСУ үшін балаларыма қарау емес, бұлар менің балаларым. МЕН әкесі болғандықтан. Киімімді жуу, жуылған киімімді бүктеу, үтіктеу-мұның бәрі әйел ғана істейтін жұмыс емес, МЕНІҢ де, балаларымның да киімі болғандықтан, мен киімдерімді жуамын.
Мен үй шаруасына КӨМЕКТЕСІП жүрген жоқпын.
Мен осы отбасының мүшесі болғандықтан…!
Солай ойлап көрмедің бе?
Бір рет еденді сүртіп, сосын соншалықты көп РИЗАШЫЛЫҚ күттің бе? Неліктен? — деп досымнан сұрадым.
Киім жуып, үй тазалап, төсек-орын, көрпелерін ауыстырып, балаларды шомылдырып, тамақ әзірлеп, анда-мындағы заттарын реттеп жатқан әйеліңе өзің «РАХМЕТ» деп қашан айттың?
Мүмкін сен ПАТРИАРХАТ үстемдік ететін қоғамда туып-өскендіктен, «үй шаруасы» әйелдің МІНДЕТІ деп санайтын боларсың. Мүмкін, ер адам үй шаруасында саусағын қозғалтпауы керек деген тәрбиемен өскен боларсың.
Ішіп-жеп, шомылып, өзіңе ұнайтын нәрсені ғана жасап.. ҚОНАҚ тәрізді болу емес, үйдің бір мүшесі, әйелінің СЕРІКТЕСІ-сің ғой.
ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕДЕН ҚОҒАМ ӨЗГЕРЕДІ. БАЛАЛАРЫМЫЗҒА ДА БІР-БІРІМІЗДІ ҚОЛДАУ АРҚЫЛЫ ӨМІР СҮРЕТІНІМІЗДІ НАҚТЫ ӨНЕГЕМІЗБЕН КӨРСЕТЕ БІЛЕЙІК!