Бақытсыз өмірге үйреніп, сіңіп қалма
Өтінем…
Бақытсыз өмірге үйреніп, сіңіп қалма.
Өзгеруге деген тілек, бақытты басқа жерден іздеу, жалған түсініксіз нәрседен бас тарта алатын батылдық таныта біл.
Әрбір өзгерістің бәрі күрес, қайшылық.
Бұл ымыраға келетін адамдарды қорқытады. Қорқатындар сені үнемі сынайды. Сенен жасқанатындар саған қарсы тұрады.
Және әрқашан сенің жолыңда кедергі болатын бөлігің де бар болады. Қараңғы бұрышта жасырынған ол дауыс: «Кім сені мұны істеуге мәжбүр етті?»- деп сыбырлайды.
Бірақ… сен батыл бола біл. Мұны өзің үшін жаса. Сен мұны істеуің керек.
Бастау ешқашан кеш емес.
Жаңадан бастау, ойыңды жобаға айналдыруға ешқашан кеш емес.
Армандарыңа еру, жүрегіңді тыңдау, әдеттеріңді тастау, адамдардың айтқандарына мән бермеу, өзіңді таң қалдыру, қайталанатын ишараның кестесін төңкеру ешқашан кеш емес.
Қарсыласу, өзіңе қателесуге рұқсат ету, өзіңе тым қатал болмау, өзіңді сүюді үйрену, «Мен сені сүйемін», «Мен сені сағындым», «Қайтып кел»-деп айтуға ешқашан кеш емес.
Оның үйіне барып: «Кешірші… Мен ақымақ едім» немесе мұны мойындау… «Мен сені сүймеймін», «Мен сені енді сүймеймін».
Қорқасың ба?…
Шындық әрқашан қорқынышты. Әсіресе, ауырып тұрған болса: жүрегің, өткенің, өмірің… Бірақ бұл шындық.
Ақиқатында біз қайта туамыз.
Мыжылған, ауырсынған, көз жасымен суланған, жүрекпен барлық жерге жайылған, бірақ…Тірі.
Ақиқат үшін ешқашан кеш емес.
«Тым кеш» дегені «бұрын да» бас тартып, басын екіжүзділердің құмына тығып алған адамдарға қатысты…
Бірақ дәл қазір бастасаң, өкпеңмен толық дем алып, жүрегің соғады, және сенің қолыңда бүкіл әлем бар екеніне мен сенімдімін…
Әлі кеш емес. Бұл сенің уақытың… бақытты болудың бастауы.