Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген…
Оның алғашқысы: ұят болады.
Екіншісі: жаман болады.
Үшіншісі: обал болады.
Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұятты істі істеме дегені; жаным арымның садағасы дегені еді;
Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр дегені; жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді деген еді;
Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін дегені, ешкімге көлеңкең түспесін дегені еді.
Жаман боладыға жақындамай, ұят боладыға ұрынбай, обал болады дегенге ойлана қарайтын текті ұлт болған едік. Ал, қазір ше? …
Алладан қорықпайды.
Аятжан Ахметжан