«КЕҢ ДАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮРІП ЖАТЫР

✔️Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар тиімділігін көрсетіп келеді. Солардың бірі – «Кең дала» бағдарламасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, көктемгі егін егу, жиын-терім жұмыстарын ерте қаржыландыру мақсатында қысқа мерзімді жеңілдетілген несие беру қолға алынған-ды.
📌Атап айтқанда, 2024 жылы Түркістан өңірінде 1623 жобаға несие беріліп, бағдарламаны іске асыру үшін 11,4 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ 2110 адам жұмыспен қамтылды.
✔️2025 жылы 12,3 млрд теңгені құрайтын 1700-ге жуық жобаны қаржыландырып, 2200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жыл басынан бері 2 млрд теңге таратылып, 221 шаруа қожалығы қаржы алып үлгерді. Нәтижесінде 287 жаңа жұмыс орны құрылды.
✔️Өңірде аталған жұмыстарды үйлестіру «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на қарасты «Оңтүстік» АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-не міндеттелген.
📌Қазіргі таңда жоба қаржыландыру бойынша, құжаттар үздіксіз қабылдануда. Үміткерлер 500 мың теңгеден 300 млн теңгеге дейінгі сомада қаржылай қолдауға ие бола алады. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%-ды құрайды. Сондай-ақ, жеңілдікпен өтеу шарттары қарастырылған. Аталған жоба ең алдымен шаруаларға үлкен көмек көрсетуде. Сонымен қатар Түркістан өңіріндегі агроөнеркәсіпті ілгерілетуге мол ықпал жасауда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі