КЕНТАУДА ҚҰЛПЫНАЙ ПІСІП ЖАТЫР
Кентау қаласына қарасты Құсшы ата елді мекеніндегі «Мұхаммед әли» шаруа қожалығы жыл бойына құлпынай өнімін алып отыр. Шаруашылық негізінен құлпынай және таңқурай өсірумен айналысады.
Қожалық иесінің айтуынша, құлпынай өніміне тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары.
– Алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Біз егіп жатқан құлпынайдың сұрпы өте өнімді. Әр түптен мол өнім алуды жоспарлап отырмыз. Отбасылық шаруашылық болғасын жұмыс көзі кейде өзімізден артылмайды. Ал өнім көбейген сәтте жалдамалы жұмысшыларды жұмысқа тартамыз, – дейді шаруақожалық иесі.
Бүгінгі таңда құлпынайды 21 соттық жерден өндіріп, жылына жобамен 1 тоннадан аса өнім алып отыр. Шаруақожалықта құлпынайдың 6 сорты егіледі. Оның «Азия», «клери», «лохти» түрлері жылына бір өнім береді. Бұлар ашық далада егіліп өндіріледі. Ал «мурана», «анабиал», «альбион» түрлері көпсалалы, яғни жыл бойына жылыжайда өнім береді.
Шаруақожалық қажетті көшеттерді Алматы қаласынан алдырып, өзінің егіншілігінде көбейтіп отырады. Келешекте сұранысқа ие жеміс түріннің көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі