ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен медицина саласындағы өзекті мәселелер талқыланған мәжіліс өтті. Өңір басшысы денсаулық сақтау саласына жауапты басшыларға халықтың денсаулығын жақсарту, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, сапалы қызмет көрсету жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырма берді.
📌– Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруды тапсырамын. Халық қандай тегін медициналық көмек түрлері бар екенін, қай мезгілде денсаулығын тексертетінін білуі тиіс. Түсіндіру жұмыстарын күшейтіңіздер. Тұрғындарды келісімінсіз медициналық мекемелерге тіркеу мәселесі түбегейлі жойылуы қажет. Жұмысты жандандырыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалдының айтуынша, аталған салада өткен жылдың 10 айының қорытындысымен 27 индикатордың 20-сын толық орындаған Түркістан облысы республика бойынша бірінші орынға көтерілген. Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен облыс тұрғындарының 83 пайызы қамтылған. МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны – 1 708 558.
✔️Облыста денсаулық сақтау нысандарын салу бағытында 7 ірі жоба жоспарланған. Сарыағаш, Ордабасы аудандарында перинаталды орталықтар салынады. Түркістандағы 570 орындық көпсалалы аурухананы биыл аяқтау көзделіп отыр.
✔️Облыста тозығы жеткен 58 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны бар. Биыл аталған нысандарды зерделеп, маңыздылығына қарап, 25 нысанды дайын ғимаратты сатып алу арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. 2025 жылы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге және жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 8,8 млрд теңге қаржы қарастырылды.
📌Облыстағы мемлекеттік медициналық ұйымдардың медициналық техникамен жарақтандырылуы бүгінгі таңға 85,22% құрады.
📌Басқармаға қарасты медицина ұйымдарында жалпы – 24 564 (дәрігерлер – 5 447, орта медицина қызметкерлері – 19 117), медицина қызметкері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда. облыс көлемінде 282 бейінді дәрігерге тапшылық туындауда. 2024 жылы Түркістан облысына жалпы 331 жас түлек жұмысқа жолданған. Оның ішінде, 147-сі мемлекеттік медициналық ұйымдарға жолданып, 31 түлек жұмысқа қабылданды. 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 43 дәрігер шет елдерде біліктілік арттырған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі