ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» «БАУЫРЛАС-ПОДКАСТ» СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ

✔️Түркістандағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ жанынан құрылған «Бауырлас-подкаст» студиясы ашылды.
✔️Тұсаукесер хабарға елімізге белгілі этнограф-тарихшы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Жамбыл Артықбаев, қазақ журналистикасының ардагері, ХҚТУ-дың профессоры, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Сейдулла Садықов және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева сұхбат беріп, игі бастамаға сәттілік тіледі.
✔️Сұхбат барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өңірде өткізілетін іс-шараларға дайындық барысы және этносаралық келісім мен татулықты сақтау бағытында келелі ойлар айтылып, мазмұнды әңгіме өрбіді.
📌Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбектің айтуынша, «Бауырлас-подкаст» студиясы өңірдегі рухани жаһандану, қоғамдағы этносаралық бірлік пен келісімді сақтау және жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруды мақсат етеді. Бұл тек медиа саласын ғана емес, жалпы өңірдің руханиятын байытуға, ел бірлігін нығайтуға өз үлесін қосады.
📌Студия арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және насихаттау, этностар арасындағы достық пен еңбек адамдары туралы танымдық хабарлар, эксклюзивті сұхбаттар, ақпараттық материалдар әзірлеу көзделген.
📌Мұнда киіз үй пішінінде локация дайындалған және жұмыс істеуге қажетті жаңа жиһаздармен, компьютерлермен толықтай қамтылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі