ҚАБЫЛДАУ

Аудан әкімі Сакен Мамытов тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Қабылдауға алдын ала жазылған 8 азамат әртүрлі мәселелер бойынша өз сұрақтарын қойып, көмек сұрады.
🔰Қабылдау барысында тұрғындар негізінен әлеуметтік көмек, жер телімін бөлу және тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты өтініштерін жеткізді.
🔰Аудан әкімі әр тұрғынның мәселесіне мұқият назар аударып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Әкім:
«Тұрғындардың мұң-мұқтажы – біздің басты міндетіміз. Әр мәселе заң аясында қаралып, барынша жылдам шешімін табады», – деп, халықпен тұрақты байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.
Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырма жүктелді.